Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында «МТО негізгі ұлттық құндылықтарға негізделген қоғамды қалыптастыруда аса қуатты әлеуетке ие. Ерте жастан бастап балалар әдебиеті мен халық ауыз әдебиеті арқылы қазақ халқының мәдениетін сақтау және мұра ету – бұл баланы қазақ халқының мәдени-тарихи кодына сәйкес баулудың және балада өзіндік сана-сезімді тәрбиелеудің әмбебап тәсілі» делінген. Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың моделінде «ұлттық құндылықтарды балаларды ерте жастан толыққанды дамытудың заманауи теорияларымен үйлестіруге бағытталады» деп атап көрсетілгендей, бүгінгі таңдағы басты педагогикалық міндеттердің бірі тұлғалық мәдениеттің негізін қалыптастыру болып табылады. 2024 жылдың 23 ақпан күні Түркістан облысы, Ордабасы ауданы «Айназия» бөбекжай бақшасы базасында «Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдар» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті. Іс шараға «Өрлеу»БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының «Әдіснама және педагогикалық инновация» аға оқытушысы Қалиева Хадиша Алиасқарқызы, Ордабасы ауданы білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша әдіскері Абжалалова Шамшия Қалданқызы және мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты. Жалпы саны 31 педагог қамтылды. Семинардың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарды тиімді қолдану, тәжірибе алмасу. Семинарда «Айназия» бөбекжай бақшасының педагогтері түрлі ұйымдастырылған іс әрекеттер мен ұлттық ойындар арқылы балаларды қазақ халқының құндылықтарына, отбасылық құндылықтарына, отаншылдыққа, отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, танымдық қызығушылықты дамыту, білім алуға деген ұмтылысты қолдаудың әдіс тәсілдерін тиімділігін ұсынды. «Айназия» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Алимханова Бахтигуль Кулжановна ұйымда жүйелі түрде аптаның әр бейсенбі күні ұлттық құндылықтарға негізделген ұйымдастырылған іс әрекеттермен салт-дәстүрлерге арналған шаралар жүргізілетінің атап айтты. Семинарға қатысқан педагогтер кері байланыста өз тәжірибелерін толықтырған тұстарымен бөлісті.

- 25 Фев
- 2024