2023 жылдың 16 қаңтарында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Сабиханова Асель орта білім беру ұйымдары басшыларына арналған «Ұлттық құндылыққа бағдарланған функционалдық сауаттылық дағдылары бар бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты – заманауи басшы ретінде бәсекеге қабілетті көшбасшы тұлғаны қалыптастыруда мұғалімдердің сабақ жоспарлауында ұлттық құндылықтардың белгілі элементтерін ескеру, тиімді жоспарлау мәселелерін талқылау, зерделеу және анықтау.
Іс-шараға Жамбыл, Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстары бойынша орта білім беру ұйымдары басшылары қатысты. Тыңдаушылар кәсіби тәжірибелеріне байланысты қажетті білім алып, өз алғыстарын білдірді.


(1) Пікір
Пікірлер жабық.