Ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті

Іс-шараға Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының қызметкерлері мен біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан педагогтар қатысты.

Мерекелік шараны құттықтау сөзімен Институт директоры Қайсар Нұрлыбаев ашып, қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол ұстаздардың қоғамдағы рөлі мен білім беру саласындағы маңызды қызметін атап өтіп, шығармашылық табыс, жаңа идеялар мен кәсіби даму тіледі.

Өрлеу Жетісу облысы бойынша өкілдігінің директоры Алмагүл Балшенова мен оның ұжымынан онлайн түрде құттықтауын жолдады. Өз сөзінде ұстаздардың еңбегін ерекше атап өтіп, білім беру саласындағы жетістіктер бен жаңашылдықтар үшін алғысын айтты.

Іс-шара барысында Институт қызметкерлерінің жұмыс барысынан бір күні туралы бейнеролик көрсетілді.

Соңында әндер шырқалып, Институт қызметкерлері мен тыңдаушыларына алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды. Мерекелік атмосфера қатысушыларға қуаныш сыйлап, ұстаздардың бірлігін нығайтты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар