“Ұстазым, менің ұстазым” челленджіАтақты педагог, ғалым В.Сухомлинский “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлікпен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады” деп ұстаздық өнерге ерекше баға бергені белгілі.ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың бастамасы, “Өрлеу” Шығыс Қазақстан филиалы директоры Gaukhar Zhumanovaдан қабылдаған челлендж сондай табиғатынан ұстаз болып жаралған адамдар – алғашқы ұстаздарым туралы естелік жазуға, балғын балалық шағыма оралуға негіз болды.Көз алдыма қазіргі Қарақия ауданы Құрық ауылы сол кездегі Ералиев поселкесі, туған ауылымда орналасқан шағын мектебім, сол мектепке аттаған алғашқы қадамым, балалықтың бал кезеңі, ата-анам, бізге тәлім-тәрбие берген ұстаздарым, бірге өскен құрдастарым, бәрі-бәрі тізбектеліп, күні кешегідей орала береді. Күнделікті күйбең тірлік пен қызу жұмыста жүріп, кейде соның барлығын еске алуға да уақыт жете бермейтіні ойыма келді.

- 03 Окт
- 2023