5 ҚАЗАН – ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ! «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Атырау облысы бойынша КДИ» ұйымдастыруымен ардагер ұстаздардың, ұжым мүшелерінің қатысуымен ұстаздар күніне арналған «Ұстазым, ұлағатым үлгі – өнегем» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның алғы сөзін «Өрлеу-Атырау» институтының директоры Даулетова Роза Қабышқызы бастап, мұғалімдерге жүрек жарды тілегін білдірді.Бұл күні институт қабырғасында біраз жыл бойы еңбек еткен ардагер ұстаздар ұлықталды.

Светлана Кояшевна, Орал Матжановна, Гулнар Шамуратовна, Бактылы Насырбаевна, Латипа Салахадиновна, Багытжан Нуртаевна, Роза Нысангалиевна, Галина Сагинтаевна, Айсулу Багитовна ұжым мүшелеріне ескірмес естеліктерін айтып, мереке тұсында өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.

Сонымен қатар, ұстаздар күні қарсаңында ардагер ұстаздар Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың алғыс хатымен, бірқатар институт қызметкерлері Атырау облысы білім басқармасының құрмет грамоталарымен және Кәсіподақ атынан құрмет грамоталармен марапатталды.Концерттік бағдарлама ұйымдастырушылары ұжым мүшелері мен «Тәрбие жұмысы менеджменті» курс тыңдаушылары мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.





