ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп-гимназиясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен
«Ұстазға тағзым – ұрпаққа ұлағат» атты мерекелік кеш өтті.

Ұстаз – мәңгілік мамандық. Саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге арнаған педагогтердің еңбегі – қоғамның баға жетпес қазынасы. Бұл мереке – бүкіл білім беру саласы қызметкерлерінің ерен еңбегін дәріптейтін айрықша күн.

Білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан, бірнеше буын ұстаздардың қалыптасуына жол ашқан, өмірлік тәжірибесі мен даналығын кейінгі ұрпаққа өнеге еткен ардагер ұстаздардың орны – ерекше. Оларға арнайы Алғыс хаттарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Маржан Галимжанова табыстады.

Шараның маңызды сәттерінің бірі – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты қызметкерлеріне көрсетілген құрмет болды.
Олар – тек дәріс оқып қана қоймай, кәсіби дамуға, жаңашылдыққа жетелеген, әрқайсымыздың білімді болуымызға зор үлес қосқан тұлғалар.

Институт атынан білім беру саласындағы белсенді еңбегі мен табысты қызметі үшін облыс педагогтері мен ұжым қызметкерлері Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік кеш ән-жырмен, би және музыкалық сәлемдемелермен өрнектеліп, ұстаздарға ерекше ілтипат көрсетілді.

Ұстаз – ұрпақтың рухани шамшырағы, елдің болашағы үшін ерен еңбек етіп жүрген асыл жан.
Барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар