Бүгін «Өрлеу» Қызылорда филиалында 2025 жылдың І жартыжылдығы қорытындыланып, ұжым қызметкерлері марапатталды.
Облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын табысты ұйымдастырғаны үшін Оқу жұмысы бөлімінің басшысы Баймурзаева Ғалия Қонақбайқызы Қызылорда облыстық білім кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды. Ұлағатты ұстаз Ұлтай Зікірқызына Қызылорда облыстық білім кәсіподағының төрағасы Гүлнар Есқалиеваның құттықтауы мен сый-сияпаты табысталды.
Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге күш жұмсап, ұстаздық жолын қоғамдық жұмыстармен ұштастырып жүрген педагогтеріміздің еңбегін жоғары бағалап, қолдау көрсетіп келе жатқан Қызылорда облыстық Білім кәсіподағына зор алғысымызды білдіреміз.
Айта кетейік, Қызылорда облыстық білім кәсіподағы жыл сайын филиалда шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, үздік тәжірибесін анықтау мақсатында ұйымдастырылатын Тәжірибе алаңының өткізілуіне қолдау жасап келеді.

