“Өрлеу” БАҰО Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтында бекітілген кестеге сәйкес аттестаттаудан өтетін педагогтердің деректерін «Ұстаз» платформасына енгізуге жауапты мамандарға арналған онлайн-консультациялардың алғашқы аптасы аяқталды. Осы кезеңде консультациялармен қамтылғандар:
- Тараз қаласы — 142 қатысушы
- Байзақ ауданы — 80
- Жамбыл ауданы — 130
- Жуалы ауданы — 68
- Қордай ауданы — 91
- Меркі ауданы — 36
Жалпы алғанда, онлайн-консультацияларға 540-тан астам педагогикалық қызметкер мен маман қатысты.
Онлайн-кездесулерге аудандық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасының өкілдері де белсенді қатысты.
Консультациялар барысында келесі техникалық мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді:
- педагогтің жеке профилін толтыру тәртібі;
- «Аттестатталушылар тізімі» және «Деректерді енгізу» бөлімдерімен жұмыс;
- платформа әзірлеушілерінің қатысуымен «Комиссия» бөлімінің жұмысы таныстырылды.


