Жаңа цифрлық көмекші педагогтерге платформаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, техникалық мәселелерді жедел шешуге және аттестаттау үдерісіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауап алуға көмектеседі.
AI-ассистент аттестаттау тәртібі, құжаттарды рәсімдеу талаптары, материалдарды жүктеу ережелері және платформамен жұмыс істеу бойынша консультациялық қолдау көрсетеді. Ұсынылатын барлық ақпарат ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №83 бұйрығымен бекітілген нормативтік талаптарға толық сәйкес беріледі. Бұл құрал педагогтерге қажетті ақпаратты жылдам алуға, қателіктердің алдын алуға және платформадағы жұмысты барынша ашық әрі тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, «Ұстаз» платформасының мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр. Қосымша арқылы педагогтер жеке портфолиосын және бақылау парағын онлайн режимде қарап, өз көрсеткіштерін қадағалай алады.

