Бүгін Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты қызметкерлерінен құралған мобильдік топ мүшелері облыстық білім басқармасымен бірлесіп, «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» бойынша кеңейтілген әдістемелік кеңес өткізіп, «Ұстаз» платформасын түсіндіру мақсатында аудандық және қалалық колледждерінің педагогтеріне әдістемелік түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Басты мәселе-«Ұстаз» Ұлттық платформасында аттестаттаудан өту үшін комиссия құру және педагогтердің жеке профильдерін толтыру тәртібі мен ережелері бойынша бір қатар сұрақтар талқыланды. Онлайн кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап алды. «Ұстаз» Ұлттық платформасы – педагогтердің біліктілік санатын арттыруға, білім беру сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер береді.