Сәуір айының 3-4 күндері Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Алина Абишева, Гүлмаржан Өтеғұл, Бағдагүл Габбасова облыс педагогтерін курстан кейінгі қолдау мақсатында Шыңғырлау ауданының педагогтерімен кездесті. Аға оқытушылар әдістемелік десант шеңберінде 2021-2022 ж. біліктілікті арттыру курсынан өткен Шыңғырлау ауданы Л. Қылышев атындағы ЖОББМ мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, сабаққа қатысу қорытындысы бойынша мұғалімдерге керібайланыс беріп, әдістемелік қолдау көрсетті.
Ал сәуір айының 4-і күні тәжірибеде анықталған проблемалар мен қиындықтарды бірлесіп талқылау және шешу мақсатында «Мұғалімнің кәсіби өсуі – оқыту сапасын арттырудың негізгі шарты» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинарға ауданның 35 мұғалімі қатысып, кәсіби тұрғыда үлкен қолдау алды.




