Әдістемелік десант: жас мамандар мен болашақ педагогтарға кәсіби қолдау

Ағымдағы жылдың ақпан айының 19 және 23 аралығында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты, Абай атындағы ҚазҰПУ және Филология институтымен бірлесіп жас мамандар мен студенттерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында “Заманауи оқу-тәрбие процесіндегі инклюзивті білім беру және зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары” тақырыбында республикалық әдістемелік десант сәтті түрде өтті.

Десант барысында ЖОО әдіскер-ғалымдары, әдіскерлері, сертификатталған коуч-тренерлері, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен жас мамандары өз тәжірибелерін ортаға салды. Білім кеңістігінде инклюзивті білім беру және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтан мектепке баратын бітіруші жас мамандар үшін әдістемелік қолдау және тәжірибе алаңы қажетті де тиімді болды. Бес күнге созылған әдістемелік десантта студенттер мен жас мамандар бүгінгі таңдағы білім беруде орын алатын қиындықтарды тиімді шешу жолдарын меңгеріп шықты.

Жыл сайын өтетін дәстүрлі іс-шараның көтерер жүгі мен берер ақпараты өте өзекті. Сол себепті, қатысушылар осындай басқосулар жиі ұйымдастырылса деген тілектерін білдірді. Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Нағима Әбзелбекқызы әдістемелік десантта өз тәжірибелерімен бөліскен спикерлерге өз ризашылығын айтты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар