Әдістемелік десант. 2-бөлім.

Өрлеу-Павлодардың профессор-оқытушылар құрамы тірек мектептермен бірлескен іс-қимыл жоспары бойынша жұмысты жалғастыруда. Бірінші рет оқытушылар құрамы Черноярск мектебіне ағымдағы жылдың наурыз айында барды. Мұғалімдермен проблемалық сәттер талқыланып, сабақтың тиімді жоспарын құру бойынша ұсыныстар берілді. Бүгінде теория тәжірибеге айналды. Павлодар ауданы Черноярск ЖОББМ педагогтері физика, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих, математика, бастауыш сыныптарындағы оқу сауаттылығы сияқты пәндер бойынша бірқатар ашық сабақ өткізді. “Бүгінгі іс-шара оқытудағы өзіміздің күшті және әлсіз жақтарды көруге, сырттан объективті көзқараспен қарауға, кәсіби кеңестер алуға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті аталмыш оқу орнының мұғалімдері. Дәл қазір жаттықтырушылар сабақтарға белсенді қатысуда, алдағы кезеңде мектеп мұғалімдерімен кері байланыс болмақ.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар