Әдістемелік көмек көрсетуде

     Оралдағы «Өрлеу» тренерлері курстан өткен педагогтерді қолдау мақсатында аудандарды аралап, әдістемелік көмек көрсетуде.

«Педагогикалық және пәндік әдістер кафедрасының» аға оқытушысы Рауан Мулдагалиева Теректі, Бәйтерек аудандарындағы мектептерде болып, педагогтердің сабақтарына қатысты.

      Педагогтердің біліктілік арттыру курстарынан алған білімдерін оқыту үдерісінде қолдана білу шеберлігіне кері байланыс жасау және курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында «Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі педагогтердің іс-әрекеттегі зерттеу құзыреттілігі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

      Аға оқытушы әр пәннің оқыту сапасын, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруда, педагогтерді курстан кейінгі қолдау мақсатында мұндай семинарлардың тиімділігі жоғары екендігін атап өтті.

     Қатысушы педагогтер кері байланыс жасап, ұйымдастырушылар мен іс-тәжірибесімен бөліскен мұғалімдердің жұмысына оң баға берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар