28 ақпанда филиал тренері Орынбасар Данияр Астана қаласы №14 мектептің сұранысы бойынша курстан кейінгі дайындық аясында әдістемелік көмек көрсету мақсатында шеберлік сағат өткізді.
Шеберлік сағат тақырыбы: «Бағалау, дескрипторларды құрастыру. Бағалау түрлерін қолдану»
Жиын барысында оқу мақсатының сабақ жоспарлаудағы маңыздылығы, сабақ мақсатын қоюда «Блум» таксономиясын ескеру, бағалау критерийі мен дискриптордың тапсырмасымен өзара байланысы қалай жүзеге асатыны талқыланды. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын талқылап, педагогтер топқа бөлініп миға шабуыл тапсырмаларын орындады. Сондай-ақ тұлғаның ең басты функциялық сапаларын қарастырып, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету жолдарын талдады.


