11.11.2021 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша филиалы Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты, Ленгір қаласы №4 Қ.Сәтбаев атындағы ЖОМ базасында директордың орынбасары М.Ахтаевтың басшылығымен педагогтерді курсаралық және курстан кейінгі қолдау мақсатында филиал қызметкерлері: химия-биология пәндері – Есентуреева Г., Тугелбаева Э., математика пәні – Егембергенова М., физика пәні – Найзабек О., тарих пәні – Матекова Б, бастауыш сынып – Азбердиева Н, география пәні – Байбақ Б., қазақ тілі және әдебиеті пәні – Жолшыбекова С, информатика – Сазабаева А. және ІТ бас маманы Д.Нарметова аудан мектептерінің пән мұғалімдеріне білім беру үдерісінде оқыту бағдарламалары мен интернет – ресурстардың қосымша мүмкіндіктерін пайдалануда, сабақ құрылымын жоспарлауда әдістемелік көмек көрсетті. Филиал тренерлері педагогтің кәсіби шеберлігі мен білім беру сапасын, күтілетін нәтижені болжауға бағытталған мониторингілеу ұстанымын арттыруға ықпал етті.

- 14 Ноя
- 2021