Әдістемелік орталықтың әдіскерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

Бүгін «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Әдістемелік қызметті трансформациялау» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды.

Курстың мақсаты: «Үздіксіз білім беру» жағдайында педагогтің кәсіби дамуының көптеген траекторияларын қамтамасыз ету үшін нәтижелі оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыруда, жоспарлауда, үйлестіруде және жүзеге асыруда заманауи әдіскердің жеке-кәсіби құзыреттілігін дамыту.

«Әдістемелік қызметті трансформациялау» білім беру бағдарламасы әдістемелік орталықтың әдіскерлеріне қазіргі білім беру жағдайында педагогикалық ұжымдарды нәтижелі оқу-әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастырудың тиімді дағдыларын дамытуға бағытталған.

Курста Астана қаласының әдістемелік орталығынан 25 әдіскер біліктіліктерін арттыруда. Курс барысында ментор – методистерге мектепке сапалы сүйемелдеу үшін әзірленген әдістемелік құралдар ұсынылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар