Әдістемелік қолдау аясында семинар өтті

                     21-23 ақпан аралығында «Өрлеу» БҚО тренерлері курстан өткен педагогтерді қолдау мақсатында Ақжайық ауданындағы жалпы білім беретін мектептерде болып, әдістемелік көмек көрсетті.

Қолдау көрсету аясында «Педагогикалық және пәндік әдістер кафедрасының» аға оқытушылары Сайра Сексенбаева мен Бағдагүл Габбасова «Заманауи сабақ – тиімді және сапалы білімнің негізі» және «Нақты өзгеріс: оқу сапасын жақсарту үшін іс-әрекетті зерттеуді /AR/ қалай пайдалануға болады?» тақырыптарында семинарлар ұйымдастырып, ұстаздардың сабақтарына қатысты.

Семинар барысында әр пәннің оқыту сапасын, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруда, педагогтерді курстан кейінгі қолдау мақсатында мұндай семинарлардың тиімділігі жоғары екендігін атап өтіп, әдістемелік ұсынымдар мен кеңестер берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар