Облыс педагогтерін курстан кейінгі қолдау мақсатында сәуірдің 6-7 күндері Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Алина Абишева, Гүлмаржан Өтеғұл, Бағдагүл Габбасова Казталов ауданы педагогтерімен екі күндік семинар өткізуде.
Осы мақсатта әдістемелік десант тобы 2021-2022 ж. біліктілікті арттыру курсынан өткен Казталов ауданы К. Меңдалиев атындағы ЖОББМ-тің мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, курс кезінде алған білімдерін тәжірибеде қолдану аясындағы жетістіктері мен жетілдіретін тұстарды анықтады. Аға оқытушылар мұғалімдердің оқу процесін ұйымдастырудағы қиындықтары бойынша керібайланыс беріп, әдістемелік қолдау көрсетті.
Ал сәуір айының 7-і күні тәжірибеде анықталған проблемалар мен қиындықтарды бірлесіп талқылау және шешу мақсатында «Мұғалімнің кәсіби өсуі – оқыту сапасын арттырудың негізгі шарты» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылу жоспарлануда.





