«Әдістемелік қызметті трансформациялау» тақырыбында онлайн курс өтті

             2024 жылдың 09-19 тамыз аралығында Оралдағы «Өрлеу» Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының меңгерушісі Сәнім Әбитова әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) әдіскерлеріне арналған  «Әдістемелік қызметті трансформациялау» тақырыбында онлайн курс өткізді.

     Бұл курсқа Түркістан, Павлодар, Жетісу облыстары және Алматы мен Шымкент қалаларының әдіскерлері қатысып,  білімдерін жетілдірді.

   Курс «ZOOM» платформасында жүргізілді. Бұл бағдарламаның өзектілігі қоғамдағы мұғалімдердің рөлін өзгерту және білім беру мақсаттарын “прагматизациялау” жағдайында заманауи әлемдік білім беру үрдістерін ескере отырып, әдістемелік қызметті жаңғырту және жүйелеу қажеттілігінде болып табылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар