8 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Amanat» партиясының ұйымдастырумен «Елдің дамуындағы әйелдердің рөлі» тақыбында облыстық форум өтті. Аруларға арналған форумға Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтының қызметкері Индира Бадакова қатысты.
Әр сала, әр топтағы әйелдер қауымын Аманат партиясы шеңберінде біріктіру мақсатында өткен форум ауыл әйеліне қолдау көрсету, кәсіпке баулу, әйелдер көшбасшылығын дамыту бағытында ұйымдастырылды. Басқосуды алғысөзбен ашқан облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Кенесары Нуршинов форумның мақсат-міндеттеріне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Форум жұмысын республикаға танымал журналист, қоғамдық және бұқаралық коммуникациялар бойынша медиа-тренер Ғазиза Райымбек “Әйелдер: жаңа шындықтағы жаһандық миссия” тақырыбымен ашты. Шарада қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкер әйелдер мен көпбалалы аналар баяндама оқып, тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық деңгейде ұйымдастырылған ауқымды шараға облыс бойынша 200- ге тарта қыз-келіншек қатысты.


