Әйел – ана, әйел – қайраткер

    Әйел – өмірдің мәні, тіршіліктің сәні, шаңырақтың ұйытқысы. Адамзат өміріндегі оның орны мен рөлі ерекше. Әлемдегі бар жақсылық пен ізгілік, отбасының беріктігі, елдің бірлігі мен болашағы әйел-аналарға тікелей байланысты. Қазақ ықылымы заманнан бері әйелдерге ерекше құрмет көрсеткен. Қазақтың әйелдері мен қыздары тарихта да, бүгінде де құрметке лайық екені даусыз.

             Осындай ел ықыласына бөленген қоғам қайраткері-аналар біздің өңірімізде де аз емес. Солардың бірі «AMANAT» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік марапат иесі Афиза Семғалиева. Оралдағы «Өрлеу» филиалы ұжымы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға Афиза Болатқызын қонақ ретінде шақырып, құрмет көрсетті.

           Тағылымды кездесуді институт директоры Софья Измуханбетова алғысөзбен ашып, ұжымдағы қызметкерлерді мерейлі мерекемен құттықтады. Сонымен қатар көшбасшы әйелдің бейнесі, қоғамдағы орны туралы ой толғады.

            Сөз кезегінде жас та болса ер-азаматтармен бірге иық тіресіп, қоғамның бел ортасында еңбек етіп келе жақан Афиза Болатқызы өзінің өмір жолы, отбасының құндылығы мен қоғамдағы рөлі туралы баяндап берді.

        Шара соңында институт директоры «Өрлеу» ұжымы атынан кеш кейіпкеріне алғыс хат табыстап, гүлшоқтарын ұсынды. Ұжымдағы ер-азаматтар да ару-аналарға игі тілектерін білдіріп, «Анаға сәлем» әнін жолдады.

Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді. Әмәнда осылай болғай!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар