«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ ұжымы 2021 жылдың 23 қарашасында бейнеконференцбайланыс режимінде өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөйлеген сөзіне қызығушылық танытып, талқылады.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы өз баяндамасында еліміздің Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі жетістіктерін, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының үйлесімді жұмысын атап өтті. Жұмыстың жоғары қарқынын сақтау және Отан игілігі үшін қойылған міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігі әрбір саналы азаматтың қызметіне түрткі ретінде айтылды.
Институт қызметкерлері Елбасының партия заманауи әрі ұтқыр болуы, қоғамды партия құндылықтарының төңірегінде топтастыру керектігі туралы айтқан сөздеріне бей-жай қараған жоқ. «Мемлекеттіліктің жеті тірегі» қағидаттарының жиынтығы ерекше маңызды. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан жеті құндылық жаңа дәуірде қазақстандықтар үшін басты бағдар болады:
- Тәуелсіздік
- Бірлік пен келісім
- Жер
- Отбасы және дәстүрлер
- Ұлттық мәдениет
- Білім мен еңбексүйгіштікке ұмтылу
- Прагматизм.
Қарағанды «Өрлеуі» іс-қимылға белгіленген бағдарды қабылдап, отандық білім берудегі жаңа өзгерістердің, тәуелсіз Қазақстанның одан әрі табысты дамуы мен өркендеуінің қатысушысы болуға дайын.
Н.Ю. Сейтова, институттың «Nur Otan» БПҰ төрағасының орынбасары