«Өрлеу»-Павлодар филиалының аға оқытушысы Бағлангүл Кәрімова оқытатын топтар әр жұма күні сайын ұлттық киім күнін атап өтуде. Бұл іс-шараны курс оқытушысы биылғы жылдың Наурыз мерекесінен бастап кішігірім салтқа айналдыра берген. Бұл жағдайда, ең қуантарлығы – бұл курс тыңдаушыларының оқытушысының (ал Бағлангүл Түсіпқызы «Жаһандық құзыреттілік», «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту», «Білім беру ұйымдарында аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша сабақ беріп келеді) осы әдемі әрі патриоттық бастамасын қолдауы.





– Наурыз мейрамы кезінде институтымызда курстары өткен еді. Есіңізде болса, биыл «Наурызама» онкүндігі аясында 18 наурыз Ұлттық киім күні болып атанды. Сол кезде мұғалімдердің бірінен әр жұма күнін қазақ ұлттық киіміне арнап, баршамыз соған сай болып киініп отырайық деген ұсыныс түсті. Бірінші жартыжылдықта менің топтарымның әрқайсысында бұл күн аталды. Бұл жағдайда мені ең қуантарлығы – бұл іс-шара тыңдаушыларымды шабыттандыратыны. Енді олар бұл дәстүрді мектепте де жалғастыра алады. Ұлттық киім – бұл ұлттық құндылық, біз оны мүмкіндігімізше күнделікті өмірімізге енгізе беруіміз қажет, – дейді Павлодар филиалының Педагогика және пәндік әдістемелер кафедрасының аға оқытушысы.
«Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курсына қатысып жатқан ұстаздар ұлтымыздың әсем әрі көрікті киімін қуана киіп, шағын бейнеролик түсірді, оны біздің инстаграм әлеуметтік желілеріндегі @orleu_pavlodar парақшамыздан тамашалай аласыздар.