Өзара ынтымақтастық

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» және Халықаралық Тараз инновациялық институты арасында өзара бірлескен жұмыс жоспарына қол қойылды. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің облыстық білім басқармасының басшысы Б.Жамангөзов қатысты. Бірлескен жұмыс жоспарының мақсаты – педагогикалық мамандықтар бойынша бітіруші курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына әдістемелік қолдау көрсету, инновациялық тәжірибемен алмасу,  оның ішінде дәрістер, семинарлар, тренингтер және өзара іс-қимылдың басқа да нысандарын ұйымдастыру арқылы ынтымақтастықты дамыту. Институт директоры Е.Саурықов бірлескен жұмыс жоспары – педагог мамандарды даярлауға үлкен қолдау болатындығын атап көрсетті. Филиал директоры С.Құрманбекова бірлескен іс-әрекет студенттердің практикалық дағдыларын дамыту мен кәсіби дайындығының сапалы деңгейін қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар