Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының базасында Өрлеу – СҚО филиалының директоры Л.Альмагамбетова және «Қоғамдық Келісім» КММ және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ жетекшінің м.а. Б.Базарбаев атынан өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Меморандумның негізгі бағыттары:
• Бірлескен ғылыми, әлеуметтік-мәдени, этномәдени іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, лекциялар, жобаларды ұйымдастыру;
• Бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары, жастар форумдары, республикалық іс-шаралар, әлеуметтік жобалар, шығармашылық фестивальдер және басқа да іс-шараларды өткізу;
•Қазылар алқасының, конкурс комиссиясының жұмысына қатысу;
• Мәдени, демалыс және танымдық іс-шараларға бару.
СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТІК-ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ!