2024 жылдың 23 ақпанында «Өрлеу» Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Филология институтының директоры Алуа Таңжарықовамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар іскерлік қатынастарды орнату және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында педагогтердің біліктілігін арттыру туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында тараптар бірлескен конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастыруда, білім беру жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысуға, сонымен қатар, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге келісті.
Кездесу қорытындысы бойынша Институт директоры Қайсар Нұрлыбаев Филология институтының директоры Алуа Таңжарықоваға Құрмет грамотасын табыстап, ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін білдірді.



