Өзекті тақырыпта халықаралық семинар өтті

Болашақ педагогтер – ұлтты тәрбеиелейтін маман иелері. Сондықтан олардың практикалық тұрғыда білікті болуы шарт. Осы орайда 2024 жылдың 18 сәуірінде Орталық Азия Инновациялық универсиеті «Өскелең ұрпақтың мінез-құлқындағы тәуелділік мәселелері мен тәуекел факторлары» тақырыбында халықаралық семинар ұйымдастырды. Қазір көптеген жастардың бойында тәуелділік мәселесі белең алып отыр. Өскелең ұрпақтың бірі гаджетке, бірі интернетке енді бірі электронды темекіге әуес. Бұл қоғам дерті. Мұндайда жеткіншектерге ата-анамен қатар ұстаздың көмегі қажет-ақ. Ғылыми-әдістемелік алаңға айналған іс-шарада Қазақстан мен шет елдердің жоғарғы оқу орындары арасында одан әрі ынтымақтастық жасау мүмкіндігі үшін педагогика және психология саласында идеялармен және шешімдер іздестірумен алмасу үшін қазақстандық және шетелдік ғалымдарды интеграциялау мүмкіндігі орын алды. Семинарға Қазақстан Республикасының, Түркия Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Өзбекстан Республикасының ғалымдары мен педагогтары қатысты. Орталық Азия Инновациялық универсиетімен өзара ынтымақтастық меморандумы аясында аталған іс-шарада «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқутушысы Г.К.Айберова «Білім беру ортасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуы» тақырыбында баяндама оқып, тәжірбие бөлісті. Ұлттың ертеңін қалыптастыру бағытындағы тәсілдер ұсынылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар