Өзекті тақырып: буллинг, оның алдын алу мен жою профилактикасы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлескен жоспар аясында педагог-психолог тар мен әлеуметтік педагогтерге арналған «Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі және зорлық – зомбылықтың алдын алу профилактикасы» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шарада Институт директорының орынбасары Шынар Тайганбекова «Акмеологические подходы в работе с детьми» және аға оқытушы Назира Абдикеримова «Буллинг: себептері, салдары, шешу жолдары» тақырыбында теориялық-тәжірибелік ақпараттармен бөлісіп, әдістемелік көмек көрсетті. Балалар мен жасөспірімдер арасында өзекті проблемаға айналған буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылықтың пайда болуы, зардаптары, өмірде көрініс табуы, оны болдырмау жолдары туралы жан-жақты талқылау жүргізілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар