Өз кәсібінің шебері

«Айдың үздік қызметкері» байқауының 2022 жылғы ақпан айының қорытындысы шығарылып, конкурсты өткізу тәртібі туралы Ереженің критерийлеріне сәйкес, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының арнайы құрылған комиссия шешімімен үздік қызметкер атағына Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің бас маманы Карабалаева Назерке Алимбайқызы лайық деп танылды.

2010 жылдың қаңтар айында Алматы қалалық мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтына қызметке қабылданған Назерке Алимбайкызы өзіне жүктелген міндеттері әрдайым тиянақтылықпен орындап келеді. 2012 жылғы 30 наурыздағы № 106-НҚ бұйрығына сәйкес, «Педагог қызметкерлердің біліктілігін тестілеуге арналған тест тапсырмаларына сараптама жүргізу туралы» Ұлттық тестілеу орталығынан KTPR тест тапсырмаларының сарапшысы ретінде жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын сертификат иесі (2012 – 2013 ж.ж. Астана қаласы).

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ кітапханашыларға арналған «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп кітапханашыларының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» оқу-тақырыптық жоспарын құрастырушы авторы. Бұқаралық ақпарат құралдарына мақалаларын жариялап, жұмыс тәжірибесімен бөлісіп отырады. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Балдаурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында республика көлемінде өткен «Рухани құндылықты насихаттаудағы кітапхананың рөлі» атты семинарда баяндамасы тыңдалды.

2021 жылы республика көлемінде «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп кітапханалары қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында өткен онлайн семинарда дәріс оқып, республикалық онлайн семинардың спикері Сертификатымен марапатталды. Жыл сайын өтетін кітапханашылардың тамыз кеңесіне баяндама дайындап, қала, аудан көлемінде кітапханашылар арасында семинарлар мен вебинарлар өткізіп, жұмыс сапасының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарымен бөліседі.

Сонымен қатар, әрдайым ізденісте жүріп, қажетті ақпаратты ұтымды пайдалану бойынша кәсіби құзыреттілігін шыңдап, біліктілігін үнемі арттырып отырады, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Назерке Алимбайқызын – шығармашыл, ізденіске жаны құштар жаңашыл ұстаз ретінде өзі дәріс оқитын курс тыңдаушылары да ерекше құрметтейді.

Өз кәсібінің шебері – Карабалаева Назерке Алимбайқызын «Айдың үздік қызметкері» атағына ие болуымен құттықтаймыз!

«Өрлеу» Алматы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар