2024 жылдың 27 ақпан күні Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейі мен «Білім-Инновация лицейі» мекемелерінің ұйымдастыруымен «Өркениет пен ізгілік бастауы – білімде» тақырыбында білім көрмесі өткізілді. Іс-шараның мақсаты педагогтердің білім беру идеяларын ұсыну, өзара тәжірибе алмасу болды.
Екі мектептің ұстаздарының ұйымдастыруымен STEM, STEAM форматында әзірленген жұмыстарды оқушылар көрмеге келген қауымға таныстырып, эксперименттерін көрсетті.
Қала мен облыстық мектептердің 5-6 сынып оқушылары алдын-ала құрылған жоспар бойынша қабылданды. Көрмені оқушылар үлкен қызығушылықпен тамашалады.




