ӨРКЕНИЕТ ПЕН ІЗГІЛІК БАСТАУЫ – БІЛІМДЕ

10 ақпан күні Өскемен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейі мен “НҰРОРДА” мектеп лицейінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында «Өркениет пен ізгілік бастауы – білімде» тақырыбында білім көрмесі өткізілді. Көрменің ұйымдастырылып өткізілуіне  ШҚО Білім басқармасы, «Дарын» орталығы, «Шығыс» әдістемелік орталығы, қалалық білім бөлімі, ШҚО бойынша «Өрлеу» – барлығы бірлесіп ат салысты.

Аталған іс-шара мақсаты педагогтердің білім беру идеяларын ұсыну, өзара тәжірибе алмасу еді. «Нұрорда» мектеп-лицейі мен “Білім-Инновация» лицейі мекемелерінің ұстаздарының басшылығымен әзірлеген жұмыстарын оқушылар жақсы таныстырып, эксперименттерін көрсетті. Білім көрмесі келген ұстаздар мен оқушыларға STEM, STEAM технологиялары бойынша білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді.

Білім көрмесін ұйымдастырушылар қала мен облыстық мектептердің 6-11 сынып оқушыларын көрмені тамашалауға алдын ала құрылып, мектептермен келісілген кесте бойынша қабылдады. Көрме тамашалауға келген оқушылардың үлкен қызығушылығын туғызды.

Ал, «Өрлеу» ШҚО бойынша филиалының директоры Жуманова Г.С. білім көрмесіне оқушыларды дайындап, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, белсенділік танытқаны үшін педагогтерді алғыс хатпен марапаттады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар