«Өрлеу» – Павлодар Ақсу қаласының №8 ЖОББМ-мен бірлесіп «Современный урок: удивление, удовольствие, усилие, успех!» тақырыбында вебинар ұйымдастырды. Іс-шараға облыстың 80-ге жуық педагогы қатысты. Модераторлары «Өрлеу» Павлодар филиалының бас әдіскері О. Заречная және №8 Ақсу мектебінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары А.Калиева болды .
Өткізілген вебинардың өзектілігі мектептегі білім берудің негізгі міндеттерін шешуге бағытталған оқытудың тиімді әдістерін, озық технологияларды енгізу тұрғысынан заманауи сабақтың негізгі өлшемдерін іздеуде жатыр. Оқытуда жүйелі-белсенді тәсілді қолдануға педагогтердің қызығушылығын арттыру.
Вебинардың негізгі мақсаты тәжірибе алмасу, педагогтердің оқу процесінде заманауи технологияларды қолдануға деген ынтасын арттыру болды.
Қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, бір-біріне көкейіндегі сұрақтарды қойып, өзекті тақырыптарды талдады. Вебинар белсенді және өте қызықты өтті.

- 08 Ноя
- 2022