🏫 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
🗣️Саяси ғылымдар докторы, профессор, Мемлекет тарихы институтының Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі Венера Абықанқызы Жексембекова Жолдаудың негізгі бағыттарын жан-жақты талдап берді.
📚Өз сөзінде ол білім беру саласына қатысты басымдықтарға арнайы тоқталып, жасанды интеллектіні оқу жүйесіне енгізудің маңызын, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру қажеттігін және үздіксіз кәсіби даму тетіктерін жетілдіру мәселесін ерекше атап өтті.
💻 Сондай-ақ, экономиканың ауқымды цифрлық жаңғыруы аясында адами капиталды дамытуға қойылатын жаңа талаптарға тоқталып, бұл бағытта ғылым, білім және инновацияны біріктірудің өзектілігін айрықша атап көрсетті.
💬«Өрлеу» БАҰО» Басқарма төрағасы Айдана Шилибекова да Мемлекет басшысының Жолдауы – адами капиталды дамытуға, білім сапасын арттыруға және заманауи талаптарға сай бағдар беретін маңызды стратегиялық құжат екенін атап өтті. Оның сөзінше, Жолдау көрсетілген бастамалар «Өрлеудің» негізгі қызмет бағыттарымен толық үндеседі.
👥Шараға аймақтық филиал қызметкерлері онлайн форматта қосылды.
