Өрлеуде шығармашылық есеп-концерті өтті

Ертең институтымызда біліктілікті арттыру курстарының соңғы күні. Ұстаздарымыз білімін шыңдап, тестілеуден өтуде. Сабақтардың соңғы күндерінің қорытындысы ретінде музыка пәнінің мұғалімдері Өрлеу-Павлодар қызметерлері мен барлық тыңдаушылар үшін шығармашылық есеп-концертін ұсынды. Жиналған қауымды, шынымен, қуантты. Мұғалімдер күй шертіп, әуендерімен тамсандыра білді. Курстардың жоғары деңгейде өткенін де атап өтті. Өз оқытушысына ризалығын білдірді. Өз кезегінде, институт директоры Р. Ашимбетова да ұйымдастырылған шағын концерттері үшін алғысын білдіріп, оларды «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсына қатысуға шақырып, керемет идеялармен бөлісті.

Музыка мұғалімінің қолында керемет «қару» бар. Бұл – оның музыкалық аспабы. Егер аталмыш «қарумен» ол пайдалана алмаса, оқушының жүрегінде музыкаға деген мүддесіздікті туғыздыра алады, ал шеберлік пен шығармашылық танытса – кем дегенде, балаға ғажайып әлем сыйлай алады. Ұлттық аспаптардың дыбысымен таныстырып, оның патриоттық сезімін тудырып, бұл сезімді баланың жүрегінде асқақтата алады. Ал патриоттық сезімі бар ұлттың тілі, ділі де ешқашан өшпейді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар