«Өрлеудің» 70 тренері халықаралық сертификат алды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының 70 маманы кәсіби біліктілігін халықаралық деңгейде дәлелдеді. Сертификаттарды Нидерландтан келген сарапшы — RCEC халықаралық сараптама және сертификаттау орталығының директоры, PhD Арнольд Брауэр салтанатты түрде табыстады.

Бұл сертификаттар «Тренерлерге арналған құзыреттілікке негізделген бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану» тақырыбындағы екі кезеңдік біліктілікті арттыру курсынан сәтті өткен мамандарға берілді. Оқу бағдарламасына 100-ге қызметкер қатысып, олардың арасынан 70 маман халықаралық талаптарға сай деп танылды. 13 қатысушы курсты «өте жақсы» деген бағамен аяқтап, ерекше нәтиже көрсетті.

Сертификат 3 жылға жарамды. Бұл құжатты иеленген мамандардың есімдері Нидерландтағы RCEC сараптама және сертификаттау орталығының ресми тізіліміне енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар