«Өрлеудің» 70 тренері халықаралық сертификат алды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының 70 тренері кәсіби біліктілігін халықаралық деңгейде дәлелдеді. Сертификаттарды Нидерландтан келген сарапшы – RCEC халықаралық сараптама және сертификаттау орталығының директоры, PhD Арнольд Брауэр салтанатты түрде табыстады.

Бұл сертификаттар «Тренерлерге арналған құзыреттілікке негізделген бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану» тақырыбындағы екі кезеңдік біліктілікті арттыру курсынан сәтті өткен мамандарға берілді.

Оқу бағдарламасына 100-ге жуық қызметкер қатысып, олардың арасынан 70 маман халықаралық талаптарға сай деп танылды. Курсты «өте жақсы» деген бағамен аяқтап, ерекше нәтиже көрсеткен 13 қатысушының ішінде әріптесіміз Раушан Өмірбекқызы Мәрсәлі бар.

Сертификат 3 жылға жарамды. Бұл құжатты иеленген мамандардың есімдері Нидерландтағы RCEC сараптама және сертификаттау орталығының ресми тізіліміне енгізілді.

Астанада өткен салтанатты марапаттау рәсіміне әріптестеріміз Раушан Өмірбекқызы Мәрсәлі мен Жанар Рзабекқызы Жубауова қатысты. Әріптестерімізді құттықтаймыз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар