Сонымен, өрлеуліктердің үлкен командасы үшін тағы бір күнтізбелік жыл аяқталды! “Өрлеу-Ақтөбе” институты үшін 2022 жыл қандай өзгерістермен есте қалды: біріншіден, ол трансформация жылы болды – біз өзгеріп, өстік, кәсіби деңгейімізді арттырдық, құзыреттіліктерді үйрендік және дамыттық, тәжірибе алмастық, өсудің жаңа жолдары мен құралдарын игердік.Екіншіден, 2022 жыл Өрлеудің жаңа жобаларын, Министрліктің білім беру жаңалықтары мен идеяларын енгізу тұрғысынан серпінді жыл болды; үшіншіден, 2022 жыл одан әрі дамуға жаңа серпін берген маңызды платформалар мен ынтымақтастық жылы ретінде есте қалды! Өрлеуліктердің командалары – жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу, курстан кейінгі сүйемелдеудің жаңа моделін пилоттау, әлеуметтік желілер мен ТВ-да белсенді позициялау, ғалымдармен, сарапшы-тренерлермен, әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық және т.б. маңызды жобалар.Әрбір осындай жоба мен іс-шараның артында кәсіби мамандар тұр және біздің жетістігіміз кәсіби еңбекті, жауапкершілікті және өз ісіне берілгендікті шоғырландыруға байланысты болды! Біз әрдайым жаңа жобаларға ашық білім басқармасы мен білім бөлімдерінің, өңірлік әдістемелік кабинеттерінің қызметкерлеріне, мектептердің басшылары мен педагогтеріне; әлеуметтік серіктестер мен сарапшыларға кәсіби үлесі үшін; “Өрлеу” бас кеңсесі басшыларының әкімшілік корпусына даму мүмкіндігін бергені үшін және біздің өмірімізге қатысқандардың барлығына шексіз ризамыз! Сіздердің әрқайсыларыңыз өз жүрегіңіздің бір бөлігін, орасан зор еңбегіңізді, жүздеген қызықты идеяларыңызды салдыңыздар, сондықтан облыс педагогтері одан да жақсы, кәсіби және күшті бола алады! Осы жылы біз Үздік педагог-практиктердің, сарапшылар мен тренерлердің тұрақты корпусын құрдық, олар жоғары кәсіби деңгейімен, өзі өткізген семинарлар мен идеяларының инновациялық көзқарасымен ерекшеленді.
Біз әрқайсыңыздың еңбегіңізді, жетістіктеріңізді, әрқайсыңыздың үлесіңізді зор бағалаймыз! Келер жылы барлығымызға амандық, өркендеу және жемісті ынтымақтастық тілейміз!
“Өрлеу-Ақтөбе” институты үздік білім беру дәстүрлерін жалғастырады және өз қызметін жаңартудың жаңа тәсілдерін енгізетін болады!