«Өрлеумен бірге өрле!» жоба  аясында семинар-тренинг өтті

              15 қыркүйек күні Оралдағы «Өрлеу» институтының ұйымдастыруымен «Дарын» қосымша білім беру орталығында  табиғат аясында «Таза ауадағы креативті педагогика» тақырыбында семинар-тренинг өтті. «Өрлеумен бірге өрле!» жоба  аясында үшінші мәрте ұйымдастырылып жатқан шараға жалпы білім беретін орта мектептердің педагог-тәлімгерлері мен жас мұғалімдер қатысты. 

        Педагог- тәлімгерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, командалық жұмыс дағдыларын дамыту мақсатында өткен семинарды институт директоры Софья Измуханбетова алғысөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

      Семинар –тренинг барысында қатысушылар «Рефлексия мен кері байланыстың оқу үдерісіндегі маңызы»; «Жас маман» мектебінің жұмыс жүйесі»; «Ораторское мастерство и искусство речи»; «Кері дизайн технологиясы және табысты окытудың трамплиндері»; «Тиімді әдіс – сапалы сабақ кепілі»; «SТЕМ технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданудың тиімділігі» т.б. тақырыптарында ақпараттар алды.

   Семинар барысында қатысушылар теориялық білімдерін жетілдірумен қатыр, практикалық жұмысқа белсене қатысты.

Тәлімгерлер мен жас мамандар  түрлі тренингтер мен қатар шеберлік сыныптар,лайфкахтарымен бөлісті.

  Семинар-тренингке қатысушылар шараның өте жоғары деңгейде өткенін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Түстен кейін аталмыш шара табиғат аясында  ” Өрлеу” Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушыларының ұйымдастыруымен тимбилдингке ұласады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар