Өрлеумен бірлескен жұмыс

№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп – интернаты мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты бірлескен жұмыс жоспары негізінде біраз уақыттан бері тығыз байланыс жасап келеді. Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен байланыс жақсы жолға қойылған. Институт қызметкерлері тарапынан өз кезегінде әдістемелік көмек беріліп отырса, мектеп интернаты педагогтері тарапынан курс тыңдаушыларына практикалық сабақтар көрсетіліп, түрлі деңгейдегі түрлі шараларға өздерінің баяндамаларымен институт жұмысына үлестерін қосып келеді. 12.03.2024 жылы «Ашық есік» күні шебер ұстаз Галиева Майра Өсенқызы мақсатқа сай жұмыс жасайтын ҚМЖ жоспарлауға арналған шебер сынып өткізді. Қазір тоқсан аяғы, қайталау сабақтары басым кез. Қайталау сабағы мен жаңа сабақты біріктірген аралас сабақтың әдемі үлгісін көрсетті. Педагогтің шеберлігі алдыңғы сабақтарда жұмыс жүргізілген мақсаттарды бір тапсырмада оқушылардың оларды толық игеріп, қамтылған алты мақсаттың аясындағы қабылеттері мен дағдыларды көрсете білгенінен анық байқалды. Жаңа білім мен жаңа дағдыларды дарытуға арналған келесі мақсатты жүзеге асыруға арналған келесі тапсырманы да шеберлікпен үйлестіріп, бір тапсырма арқылы әр түрлі жанрдың 5 түрлі тармағына арналған жазылымның жарық көруін көруімізге куә етті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар