«Өрлеумен» өркендеген мұғалімдер өмірі

Әлемдік кеңістіктегі білім беру жүйесінің ықпалы – әрбір мұғалімнің кәсіби дамуының ең басты көрсеткіші болмақ. Онсыз ілгері өрлеу де, даму да жоқ. «Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», – деп Аристотель бекер айтпаса керек. Осы бағытта «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының мұғалімдердің кәсіби дамуында алатын орны ерекше.

Бүгінгі білім беру жүйесіндегі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Жамбыл облысы ұстаздардардың кәсіби өмірінде, әсіресе, жас мамандардың мәдени даму мүмкіндіктерін, эмоционалдық ұстанымдары мен зияткерлік қабілеттерін сондай-ақ әлеуметтік және рухани жағынан даму мүмкіндігін қамтамасыз етіп келеді. Әрине «Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр», – деген М. Қашғаридің ойымен үндестігі бар. Бұл – мектепаралық кездесулер кезінде білім ошақтарымен біріге отырып, кәсіби білімнің негізін қалаулары болып табылады.

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан шығатын «BILIM KZ» республикалық педагогикалық журналының да мұғалімдердің кәсіби дамуын желілдірумен бірге ұстаз негізін қалайтын келешек туралы да айтары көп. Бұл – ұстаздардың даму жобасы мен тәжірибелік алаң арқылы дамуына ықпал ету болып табылады.

ХХІ ғасыр ұстазының кәсіби деңгейіндегі талаптарын жүзеге асыру жылдамдығы сонша, заманауи мектептерде ұғынықты және санаға таңбалы оқыту әдістерін жетілдіруге мәжбүр. Осы мақсатта мұғалімдердің ынтымақтастығын қалыптастыруда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталықтарының үлес салмағы орасан. Бұл – кәсіби дамуды, өсуді, инновация мен өзгеру үдерісін басқарады деген сөз.

Жылда ұйымдастырылып келе жатқан «Педагогикалық идеялар панорамалық республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсы» арқылы ұстаздардың озат тәжірибесін насихаттау мен ынтымақтастық негізінде білім беру саласындағы реформаларға үлкен үлес қосып келеді. «Барлық істің басшысы – білім мен ұғым», – деген Жүсіп Баласағұн ойының түп негізі осында шығар. Бұл – инновациялық идеяларды тарату мақсатында өзелерге қолдау көрсету болып табылады.

Кәсіби даму институтының тікелей эфирінде Жамбыл облысында ХХІ ғасырдың көшбасшы, шығармашыл ұстаздардың озат тәжірибесін жұртшылыққа насихаттау барысындағы әлуметтік желідегі бағдарламасы да ұстаздар өмірінде үздік жобалардың бірі болмақ.

Кәсіби институттың тренерлері, сонымен бірге, оқушылар арасында да ірі жобаларымен де үлгі болып жүр.

«Білікті – білім жинап кәсіп етер, – депті Ахмед Иүгінеки, – Білімнің дәмін татып, өсіп өтер», – дегені осы болар. Мысалы «Шонаның шоқ тілді шәкірттері» (жоба жетекшісі: Г. Аманова) шығармашылық дәрістерімен де әдістемелік көмек көрсетуде.

Түйін: «Мән, – дейді Д.А.Леонтьев,-мағынадан туындамайды, өмірден туындайды», – деуінің мәні адамдардың шынайы ортада жеке қалыптасуын тілге тиек етсе керек. Сол сияқты Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 2024-2025 оқу жылы Жамбыл облысы ұстаздарының шынайы орталығына айнала білді.

Базарбай Дүйсенбаев, Тараз қаласы Ерекше дарынды балаларға арналған

мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар