18-29 тамыз аралығында мемлекеттік тапсырыс аясында мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары өтіп жатыр. Дәрістерді филиалдың аға оқытушылары мен штаттан тыс тренерлер жүргізуде. Курстар қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Қазақ тіліндегі курстар тізімі:
- «Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту»
- «Білім алушыны кәсіби бағдарлаудағы мектептің іс-әрекеті»
- «Әдебиеттік оқу сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру»
- «Ағылшын тілін оқыту мен оқуда рецептивті және продуктивті дағдыларды дамыту»
- «Қоршаған ортаны қорғау аспектілерін география пәнінде оқытудың тиімді жолдары»
- «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру»
- «Тарих және құқық негіздері: оқытудағы жаңа технологиялар»
- «Биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту»
Орыс тіліндегі курстар тізімі:
- «Формирование базовых компетенций педагогов, реализующих инклюзивное образование»
- «Исследовательская и проектная деятельность обучающихся начальной школы»
Курс барысында ұстаздар теориялық білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасып, заманауи әдістерді меңгереді. Интерактивті әдістерді үйрену арқылы, алдағы өз сабақтарына тың серпін беруге мүмкіндік жасайды. Әр дәріс жаңашылдыққа толы болғандықтан, тыңдаушылар кәсіби даму жолында жаңа қадам басатынына сенімдіміз.
Ізденіс жолындағы барша ұстазға жаңа тәжірибе, айқын мақсат және мол табыс тілейміз!