«Өрлеу-Атырау» филиалының аға оқытушылары мақсатты мектептердің педагогтеріне біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірледі

💯«Өрлеу-Атырау» филиалының аға оқытушылары Тажиева Гулмира Капановна биология пәні, Жұмағалиева Анар Жеңісқызы география пәні, Ажигулова Майя Салауатовна ағылшын тілі пәні бойынша мақсатты мектептердің педагогтеріне арналған базалық, негізгі және ілгерінді деңгейлі біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеп, авторлық топ құрамында жұмыс атқарды.

Мақсатты мектептердің негізгі пән мұғалімдері үшін оқыту семинары БАЗАЛЫҚ ДЕҢГЕЙ БОЙЫНША оқу бағдарламалары әзірленді.

📚Негізгі деңгей бойынша:
1.«Биология сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» педагогтердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.
2.«География сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» педагогтердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.
3.«Ағылшын тілі сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» педагогтердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.

📚Ілгерінді деңгей бойынша:
1. «География сабақтарында оқуға қолайлы климатты қалыптастыру және қолдау»
2. «Биология сабақтарында оқуға қолайлы климатты қалыптастыру және қолдау»
3. «Ағылшын тілі сабақтарында оқуға қолайлы климатты қалыптастыру және қолдау»

💯Аталған бағдарламалар мақсатты мектеп педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар