Басқарма Төрағасы Алматы облысы бойынша филиалында

22 қазанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Айдана Шилибекова Алматы облысы бойынша филиалына іссапарымен келді. Іссапар барысында Басқарма басшысы Институт ұжымымен кездесіп, білім беру саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуде білім сапасын арттыру, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру, заманауи әдістемелерді енгізу сияқты маңызды тақырыптар қаралды.

Айдана Шилибекова өз сөзінде білім берудің заманауи талаптарына сәйкес өзгерістер енгізудің маңыздылығын атап өтіп, инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың ынтасын арттыру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, педагогикалық мамандардың кәсіби дамуындағы үздіксіз білім алудың қажеттілігін ерекше атап өтті.

Ұжым мүшелері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, білім беру жүйесін дамыту жолында бірлесе жұмыс істеу керек деген тұжырымға келді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар