12 мамырда Оралдағы «Өрлеуде», Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің базасында Шыңғырлау және Тасқала аудандарында білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды.
Курстардың негізгі мақсаты – педагогтердің пәндік, әдістемелік және цифрлық құзыреттіліктерін жетілдіру арқылы олардың кәсіби даму деңгейін арттыру. Курс барысында тыңдаушылар заманауи оқыту әдістері мен инновациялық технологияларды меңгеріп, оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдарын үйренеді. Сонымен қатар, оқу бағдарламасына сай зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру және оқушылардың білім сапасын бағалаудың тиімді тәсілдерін игеру мүмкіндігі қарастырылған.
Аталған курстар өңір ұстаздарының кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру сапасын арттыруға оң ықпал етеді.

