Оқытуға Петропавл қаласының 80 педагогі қатысты:
– «№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ;
17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені
– «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі» КММ;
Мағжан Жұмабаев Атындағы ІT-мектеп-лицей
– «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ;
Петропавл қ. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 9 орта мектебі КММ
– «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 2 орта мектеп».
Смағұл Сәдуақасұлы Атындағы Нөмір-екінші-жалпы-білім
Бірінші күні қатысушылар жеке ҮДК картасын әзірлеп, SMART мақсаттарын айқындады, педагогтің негізгі құзыреттіліктерін талқылады және мұғалім, білім алушы мен ата-ана арасындағы өзара әрекеттестіктің ерекшеліктерін талдады.
Екінші күні семинар барысында мұғалімнің нұсқау беру дағдылары мен рефлексия жүргізу тәсілдері қарастырылды.
4 сессия бойы супервизор ретінде Ақмола облысы филиалының шебер-тренері, аға оқытушы, магистр Жанылсын Жалмұханова қызмет атқарды.
Супервизия қорытындысы бойынша «Өрлеу-СКО» кафедрасының меңгерушісі Наталья Подкомаровскаяға және кафедраның аға оқытушылары Асем Ахметоваға, Азиза Ибраеваға, Асель Джаксалыковаға «Пәндік тренер» функционалдық мәртебесі беріледі. Қатысушылар – мектеп педагогтері семинарды аяқтағаны туралы халықаралық үлгідегі сертификат алады.

