«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ МЕН ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БІРЛЕСКЕН МӘЖІЛІСІНЕ ҚАТЫСТЫ

2023 жылғы 25 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Оқу-ағарту министрлігінің білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау бойынша бірлескен мәжілісі өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында ұйымдастырылған мәжіліске Агенттіктің және Министрліктің барлық басшылық құрамы, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшылары БКБ режимінде қатысты. «Өрлеу» БАҰО» АҚ атынан мәжіліске Басқарма Төрағасының м.а. А.Киргизбекова қатысты.

Мәжіліс барысында Агенттіктің Превенция қызметінің басшысы С.Ахметжанов және Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы Д.Жекебаев баяндама жасады.

Бірлескен мәжілістің қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев орта білім беруді қаржыландыру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірлескен сыртқы талдау жүргізу туралы келісті.

Бірлескен талдауды бастау себебі білім саласындағы әртүрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстар болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің деректері бойынша соңғы 3 жылда білім саласында 300-ден астам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген, оларды жасауда 200-ге жуық адам әшкереленген.

Қызылорда, Ақтөбе облыстары мен Талдықорған қаласының білім саласының қызметкерлеріне қатысты соңғы резонанстық істер елеулі сыбайлас жемқорлық сызбаларының бар екендігін растайды.

Алдын ала зерттеу барысында қаражатты ұрлауға дайындық бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру сатысында жүретіні анықталды.

«Мұндай құқық бұзушылықтар бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру тетіктерінің жетілмегендігі, білім саласының қызметкерлерін орталықтандырылған есепке алудың болмауы және осы процестерді цифрландырудың жеткіліксіздігі нәтижесінде мүмкін болды», – деп атап өтті Асхат Жұмағали.

Мәжіліс қорытындысы бойынша тараптар білім саласындағы ағымдағы жағдайды өзгерту бойынша кешенді шараларды белгіледі.

Өз кезегінде, «Өрлеу» БАҰО» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады және Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі барлық іс-шараларына қатысуға мүдделі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар