«Өрлеу» БАҰО АҚ «Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы директорының тағайындалуы туралы

2025 жылдың 1 сәуірінен бастап жаңадан ашылған «Өрлеу» БАҰО АҚ «Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының директоры лауазымына Есингельдинов Бауржан Танырбергенович тағайындалды.

Есингельдинов Бауржан Танырбергенович 1990 жылдың 5 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2012 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп, 2014 жылы осы университетте математика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2024 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде диссертация қорғап, «8D01501 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды. Бауржан Танырбергенович 10-нан астам ғылыми мақаланың, оның ішінде Scopus деректер базасына кіретін процентилі жоғары журналдарда жарияланған 4 мақаланың, сондай-ақ 7 әдістемелік құралдың авторы.

Бауржан Танырбергенович еңбек жолын «Квансон» Қазақстан-Корей колледжі және Өскемен қаласындағы №39 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі қызметінде жұмыс жасады. 2013-2024 жылдар аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымының Өскемен, Тараз, Шымкент және Алматы қалаларындағы мектептерінде математика пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары лауазымдарын атқарды, сондай-ақ Педагогикалық өлшеулер орталығында аға менеджер, бөлім бастығы және директордың орынбасары болды. 2025 жылдың ақпанынан бастап «Өрлеу» БАҰО АҚ Стратегия және зерттеулер департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды. Бауржан Танырбергенович Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банкінің «Орта білімді модернизациялау» жобасында және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын «Аттестация аясында мұғалімдердің кәсіби дамуын зерттеу» жобасында ғылыми қызметкер ретінде қатысуда (2023-2025).

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар