«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты 2025 жылдың 12 мамыр мен 11 маусым аралығында жедел жоспарға сәйкес орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні мұғалімдерінің арасында «Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат» тақырыбында республикалық эссе байқауын өткізді.
Эссе жазу байқауын институттың «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы» кафедрасының аға оқытушылары Есентаева Айжан Идрисовна, Абайдуллаева Айгуль Аманжоловна, Комекова Сандугаш Оралхановна, Байболова Гүлжанат Ғабдулахметқызы, Ибраева Жанар Мухаметкалиевна, Арзымбетова Салтанат Жаксылыковна ұйымдастырды.
Эссе жазу байқаудың негізгі мақсаты – педагогтердің ұлттық құндылықтар туралы көзқарасын, оларды білім мен тәрбие процесінде қолдану жолдарын насихаттау, кәсіби және шығармашылық белсенділігін арттыру. Педагогтер ұсынылған байқау ережесі бойынша «Ұлттық құндылықтарды білім мен тәрбие үдерісінде қолдану жолдары», «Ұстаз тәжірибесі арқылы берілетін рухани-адамгершілік тәрбие», «Салт-дәстүр, тіл, діл, дін, тарих – ұрпаққа аманат», «Ұлттық мұраны ұлықтау – болашаққа бағдар», «Атадан балаға жеткен асыл құндылықтарды сақтау жолындағы педагогтің миссиясы» тақырыптарының бірін таңдап, эссе жұмыстарын жазып ұсынды.
Осы ретте, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Алматы облысы, Алматы қаласының қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәні мұғалімдері эссе жазу байқауына қатысты. Нақты айтқанда, республика бойынша 84 сұраныс түсті, оның ішінде 61 жұмысы байқауда қаралды.
Бекітілген эссе жазу байқауының сарапшылары кестедегі педагогтер құрамынан құралды.
1-кесте.
Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы | Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.к. |
Ибраева Жанар Мухаметкалиевна | «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, PHD доктарант |
Шакретова Каламкас Базарбаевна | Алматы қаласы, Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері |
Камалиева Зауре Манаповна | № 174 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, ҚР Білім беру саласының үздік қызметкері, сарапшы |
Бекенова Гульжан Сирзалиевна | № 204 ЖББМ директоры, тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші |
Аманов Нуржигит Бердибекович | С.А.Ходжикова атындағы № 39 мамандандырылған лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Алматының жыл мұғалімі – 2021» байқауының жеңімпазы, педагог-зерттеуші |
Беркутова Жамила Жаксылыковна | № 32 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші |
Искакова Динара Талгатовна | № 204 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші |
Салимбаев Айдос Турагалдиевич | № 175 Жаңа ғасыр гимназияның тарих пәні мұғалімі, тарих ғылымдарының магистрі |
Есенов Даулет Бақытжанұлы | «Qalam» мектебі тарих пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы |
Абдильдинова Лашын Батырхановна | А.Қарсақбаев атындағы № 41 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдарының магистрі |
Дюсенбинова Гулзира Ермухановна | № 149 ЖББМ тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы |
Мусралинова Даметкен Советхановна | № 141 ЖББМ тарих пәні мұғалімі, тарих-магистрі, педагог -зерттеуші |
Сарапшылардың қорытынды шешімі бойынша төмендегідей орындар белгіленді.
І орын:
Мухаметкали Самал Хусайынқызы – Жетісу облысы Сарқан ауданы Қарабөгет ауылы әл-Фараби атындағы орта мектептің мұғалімі.
ІІ орын:
Нұрпейсова Эльмира Серикбаевна – Қызылорда қаласы медициналық жоғары колледжінің тарих пәнінің оқытушысы;
Мадамбай Қуанышбек Қанатұлы – Алматы қаласы Әуезов ауданы №5 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Абдирасилова Гульмира Қалыбаевна – Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Кадирова Зарина Тохтахуновна – Алматы қаласы Жетісу ауданы № 193 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
ІІІ орын:
Ахметова Лаззаткуль Касеновна – Алматы қаласы Әуезов ауданы Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Бертлеуова Клара Алибековна – Алматы қаласы Алмалы ауданы М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Жакупов Сұлтан Қайратұлы – Жетісу облысы Сарқан ауданы мектепке дейінгі шағын орталықтың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қараева Нурсауле Болатханкызы – Алматы қаласы Алмалы ауданы С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Рыскелдиева Гульмира Даулетказиевна – Алматы қаласы Алмалы ауданы Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Утетилеуова Жайна Жарылкасыновна – Алматы қаласы Алатау ауданы А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі;
Рахатұлы Еркебұлан – Алматы қаласы Медеу ауданы Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті.


