2023 жылғы 12 сәуірде «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту» вебинарына қатысты. Вебинар «Правмедиа» алаңында өтті, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Мирас Қарғабай спикер болып сөз сөйледі.
Вебинар барысында спикер 2023 жылғы 3 қаңтардағы заңмен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллаларын ұсынды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің кейбір тәжірибелік мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын одан әрі жетілдіру туралы кері байланыс және ұсынымдар берді.